Ақжар ауылы. Кез келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдері арқылы көрініс табады. Қазақ елінің де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Әр өлкенің, әр ауылдың өзіндік табиғаты әдемі болып келеді. Біздің ауылдың сұлу табиғаты ол өздеріңіз білетіндей ақ түстес жарларымыз. Сондықтан ауылымызға «Ақжар» деп қайта атау беруді ұсынылды. Ауыл тұрғындарының саны 297 адам (қазақтар — 39,23%, өзге ұлт өкілдері – 60,77%). Қазіргі жұмыс жасайтын кәсіпорындар мен мекемелер саны – 6, оның ішінде мемлекеттік тілде – 1, ауылдық кітапхана – 1, «Қазпошта» АҚ, жалпы орта білім беретін мектеп – 1, орта мектеп жанындағы шағын орталық – 1, ЖШС – 4, ШҚ – 12, ЖК – 7, 4 – жеке дүкен, орталық су құбыры бар. Тарасов ауылында көшелер жартылай жарықтандырылған және асфальттанған. Ауыл мен округтің атауын сәйкестендіру мақсатында «Ақжар» атауы таңдалды. Ауылдық округ құрамына Қазақ, Тарасовка ауылдары кіреді. Тұрғындарының саны 386 адам, оның ішінде Тарасовка ауылында 297 адам, Қазақ ауылында 89 адам. Қазіргі жұмыс жасайтын кәсіпорындар мен мекемелер саны – 7, оның ішінде мемлекеттік тілде – 1, ауылдық кітапхана – 1, «Қазпошта» АҚ, жалпы орта білім беретін мектеп – 1, орта мектеп жанындағы шағын орталық – 1, ЖШС – 4, ШҚ – 12, ЖК – 7, 4- жеке дүкен, «Қазақстан Теміржолы» АҚ – 1, орталық су құбыры бар. Тарасов ауылдық округінде көшелер жартылай жарықтандырылған және асфальттаған.