Рухани мұра — ұрпаққа аманат

       Ақбұлақ ауылы. Географиялық ерекшелігіне байланысты атау. 1914 жылы жақын жерде орналасқан Кордон Совиное атымен «Савинка» деп аталған елді мекен құрылды. Савинка ауылын Ақбұлақ ауылы деп қайта атау туралы ұсыныс орналасқан жері мен табиғи ландшафтты ескерумен байланысты. Ауыл тұзды көлдің, ормандардың, бұлақтардың жанында көркем жерде орналасқан. Қазіргі уақытта тұрғындар саны 378 (қазақ ұлты – 164, өзге ұлт өкілдері — 214) адам, 109 аула бар. Негізгі мектеп пен кітапхана орналасқан. Ауылда «Андреев» ШҚ, «Бекенбаев» ШҚ, «Сәуле» ШҚ қызметі жүргізілуде. Шаруа қожалықтары мал және өсімдік шаруашылығымен айналысады. 

Прокрутить вверх